Ұнайд/ұнамайд!
Ұнайд:
өмір сүру; адал еңбек ету; сәйкесінше дем алу; көлікпен жүру; жаңа таныстықтар; шет тілдерін үйрену; билеу; шашлык; шамалап сыра ішу; жинақылық; қазақша әуендер; рэп; қазақтың нәзік қыздары; ретро музыка; түсінігі бар адамдар; сабырлық; шыдамдылық; әзіл; блог жүргізу; шоппинг; адамдарды сырттарынан бақылау; кітапханада отыру; салқын қандылық; жылдам интернет; сөзіне тұрғыштар; тұрарлық тәуекелдер; қуану; жеңіс; жанама түрде кек алу; екі жақты шынайы махаббат; радио; дауыс жазу; тұрақтылық; қадір тұту; шаршамауға тырысу; жаудың жынына тию немесе жын шығарып төбелесіп алу; жолдастармен қыдыру; тазалық; сыйластық; керек емес жерде үндемей қалу, сол үшін өзіңді іштей мадақтау; адамды басқа жақсы қырынан тану; өзіңе жаңа нәрселерді ашу; бәрін білуге талпыну; жағдайды өкінетіндей дәрежеге апармау; әрқашан қазақилығыңды жоғалтпау; үнемі қазақша сөйлесуге тырысу; шаңырақ құру; жақсы әке болуға талпыну; жартылай альтруистер; алға қарау; мені қуантар жаңалықтар; футбол; уақытша өзіммен-өзім жалғыз қалып, ойымды жинақтау; қорытындылар жасау; табиғатқа шығу; артық заттарды лақтыру немесе біреуге беріп, жақсатты болып құтылу; орташа бағадағы қол сағаттар; сымсыз/блютуздік құлаққаптар; күн сәулесінен қорғайтын сәнді көзілдіріктер; жағдайға қарай ыңғайласу; өзімнің эмоциямды басқара білу; лайықтылық; өзінің ойын жақсы жеткізетіндер; шығармашылық жұмыстармен айналысу; өз орныңды табу; жақсыға ұмтылу; бірқатар мақсаттарға жеткеннен кейін уақытша тыным табу, үзіліс жасау; күз мезгілі; ұйқыны қандыру; жаңа идеялардан кейінгі көңіл-күйдің көтерілуі; өзімнің ұстанымымды қорғау; пайдалы гаджеттер; имидж өзгертіп отыру; саясат; еліктемеу; қызықты түстер; жауапкершілік; бір басқан қатеге келесіде баспау; позитив; батылдану; мидан артық заттарды лақтыру; көңілің түскен кезде қараптан-қарап өтірік күлу, сосын шынайы күлкіге ұласу; ай далада тұрып, бар даусыңмен айқайлау; сапалы, әрі пайдалы фильмдер; жақсы музыка болса, бар даусына қойып көлік жүргізу; өз тарапымнан психологиялық шабуылдар жасау; адамды айыра білу; табандылық; жарасымды киіну; адамгершілік; өз-өзіңді ұстау; адалдық; өз-өзіңе күле білу; қатесіз жазу; қара түсті былғары куртка; жаңашылдық енгізу; коменттер жазу.

MickThatsMyNick
Солтүстік Америка мен Азия жарты миллиард жылдан кейін Солтүстік полюсте тоғысады. Болашақ құрлық жайлы осындай теориямен Йель университетінің геологтар тобы шықты. Ресейлік ғалымдар америкалық әріптестерінің гипотезасына шүбә көзбен қарауда. Әзірге тек бір нәрсе ғана анық – құрлықтар жаймен орындарымен ауысуда және миллион жылдардан соң, Жер планетасы мүлдем басқаша болып көрінеді. Геологтар болашақ суперқұрлықты «Амазия» деп атады. Ғалымдар ол Атлантикада құрылады деп бекітуде. Басқалары болса, Амазия Тынық мұхитының орнында болады деп болжап жатыр. Росс Митчелл үшінші нұсқаны ұсынып, Амазияны Солтүстік-Мұзды мұхитының аумағына орналастырды. Аталған теориялар, құрлықтар бір жерде тұра бермей, олардың үнемі жылжитындықтары туралы анықталған өткен ғасырдың ортасында болған геологтардың революциялық ашуларының арқасында тууда. Сонымен қатар, мұхит түбіндегі жер қыртысының құрылымының, құрлықтікінен біраз айырмашылығы бар. Соңғы 200 миллион жылда құрлық картасы өзінің өзгеруін жалғастырып келеді. Мәскеу мемлекеттік университетінің геологиялық факультетінің профессоры Николай Короновский былай дейді:


